«Ең үздік ауыл клубы – 2017», «Театр.KZ» облыстық байқауы Жамбыл және Сарысу аудандарында жалауын көтерді
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ең үздік ауыл клубы – 2017», «Театр.KZ» байқаулары Жамбыл және Сарысу аудандарында шымылдығын көтерді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін байқаудың негізгі мақсаты аудандардағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің үлгісін жасау, мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, облыстағы «халықтық» театрларының, драма үйірмелеріне қатысушылардың біліктілігін жоғарылату, шығармашылықтың дамуына және шығармашыл жастар мен тұрғындардың халық театрларына көптеп қатысуына ықпал ету болып табылады.
Ерлан Ауесбаев, Ғани Садырбаев, Тамара Әбдікерімова, Дутбаева Эльмира, Ақсұлу Үсенбаева, Нұралы Абдуллаев сынды мәдениет саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар кәсіби мамандар төрелік ететін байқау бір апта бойы Жамбыл облысына қарасты барлық аудандардың мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарында өтетін болады.
Ал бүгін аталған ауқымды байқау Жамбыл ауданына қарасты Гродекова мәдениет үйінде басталды. Мәдениет үйінің фойесінде қазылар алқасы мен көрермендерге қолөнер шеберлері мен суретшілердің, ағаштан түйін түйген шеберлердің көрмесі ұсынылды. Қалың көпшілік өнерпаздардың «Туған жерге туыңды тік!» атты әдеби-сазды кешін тамашалады. Кешке Жамбыл ауданының осы аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдері қатысып, отанға деген патриоттық сезімдерін көрерменге жүрек жарды ән,биімен жеткізді. «Ауылдық клуб», «Клуб қызметкері» атты қос номинациядан тұратын «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб – 2017» конкурсында қазылар алқасы ауылдық клубтың типтік ғимаратта орналасуы, штат бірліктерімен қамтамасыз етілуі, айлық тоқсандық, жарты жылдық жоспарлар, есептер, нормативтік құжаттардың дұрыс толтырылуы мен орналасуы, мәдениет қызметкерлерінің этикалық нормаға сай жұмыс атқаруы, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәдениет саласына қатысты тармақтарының орындалуы сынды бірқатар талаптар бойынша ғимарат ішін аралап, құжаттармен танысып, мамандарға өз сын ескертпелерін айтып, ой бөлісті.
Одан әрі қазылар алқасының құрамы Сарысу ауданы Жайылма ауылына жол тартып, ондағы «Жайылма» ауылдық клубының жұмысымен танысты. Клуб өнерпаздары жиналған жұртшылыққа «Алаштың Асанәлісі» атты Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды кеш ұсынды. Жоғарыда атап көрсетілген талаптар бойынша клубтың жұмысымен етене танысқан қазылар алқасы «Театр.KZ» байқауының талабы бойынша Сарысу аудандық мәдениет үйінде қазақ театр өнерінің асыл жауһары Қыз Жібек драмасынан үзіндіні тамашалады. Қойылымның мазмұны мен халықтық театр әртістерінің көрсеткен өнері хақында қазылар алқасының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысының "Формат Е" мəдени даму оқу-əдістемелік орталығының директоры Ерлан Сатыбалдыұлы пікір білдірді.