"Ең үздік ауылдық мəдениет үйі,клуб-2017" облыстық байқауы
Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатындағы облыстық "Ең үздік ауылдық мəдениет үйі,клуб-2017" облыстық байқауы бүгін Жамбыл ауданы Гродеково ауылдық мəдениет үйінен басталды. Аудандағы ауылдық клуб мекемелеріне үлгі болуға лайықты клуб мекемесінің келбетін жасау, клубтың материалдық-техникалық базасының нығайтуына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін жəне клуб қызметкерінің кəсіби шеберлігін анықтау, жаңа идеялар мен инновацияларды тиімді пайдалану мақсатында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан дəстүрлі байқауға облыс аумағындағы аудандардың ауылдық клубтары мен мəдениет үйлері қатысатын болады.
















