Бүгін:
kz ru

Қордай ауданы өнерпаздарының концерті өтті

2017 жылдың 6 қыркүйегі күні Тараз қаласындағы тарихи «Төрткүл» керуен сарайында Қордай ауданы өнерпаздарының концерті өтті.
Ғасырға жуық ғұмыр кешіп, қазақтың əншілік, күйшілік, сал-серілік дәстүрін насихаттаған Кенен Əзірбаевтың туған топырағынан арнайы Тараз шаһарына ат басын бұрған өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
           Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қордай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға халықаралық, республикалық би байқауларының жүлдегерлері халықтық «Аққу», «Махаббат» би ансамбльдері, «Ойжайлау» ұлт-аспаптар ансамблі, «Қордай» халық театры, халықтық «Соседушки» ансамблі қатысты. Концерт барысында ән салған «Насиқа» әжелер тобы, Құндыз Байболатова, Жаңыл Оңғарова сынды өнерпаздар көпшілік ықыласына бөленді.
Назар аударарлық жəйт, қордайлықтар Кенен Əзірбаев бабамыздың қасиетті шапанымен қолданған заттарын қиіз үйге қойып, тараздық жұртшылық əн атасының өмірімен тыныстады.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз