Бүгін:
kz ru

Жамбыл ауданы өнерпаздарының концерті өтті

2017 жылдың 31 тамызы күні Тараз қаласындағы Төрткүл керуен сарайында Жамбыл ауданы өнерпаздарының «Мәртебелі елім!»  атты концерті өтті.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізіліп отырған шараға облысқа белгілі «Дарын» халық театры, «Аса сазы» халықтық ән би ансамблі, «Әдемі ай», «Жыр Думан» дуэттері,  «Үміт», «Самға» квартеттері,   П. Туманов және «Русские красавицы» тобы сынды бірқатар талант иелері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Шара барысында келген көпшілік назарына Жамбыл аудандық мұражайы мен аудандық кітапхана ашық аспан астындағы көрмесін ұсынды.

 Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Жамбыл аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара осылайша жоғары дәрежеде өтті. Жамбыл ауданының өнерпаздары тараздықтардың зор қошеметіне ие болды








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз