Бүгін:

ДАРА ДАУЫС ИЕСІ ТАРАЗ ТӨРІН ƏНМЕН ТЕРБЕТТІ

Бүгін Әулиеата өңіріне қазақ ән өнерінің дүлдүлі, дара дауыс иесі Нұрғали Нүсіпжанов арнайы келіп, шығармашылық кешін өткізді.

80 жастың шыңына шығып, қариялық шаққа жетсе де бойындағы қуаты сарқылмай күллі қазақ даласына әннен маржан шашып жүрген өнер майталманын тараздық жұртшылық құшақ жая қарсы алды.

Қазақтың маңдайына біткен талантты күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің, вальс корольі Шәмші Қалдаяқовтың көзін көріп, әндерін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап жүрген Нұрғали атамыз кеш барысында исі қазақтың есінде ертеден сақталып келе жатқан есті де ескі әндерді шырқап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Концертке Жамбыл облыстық филармониясының Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев сынды бірқатар әншілері атсалысып, атамыздың ақ батасын алды.

Кеш соңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер, және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызы мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директор орынбасары Қанат Ағаділов Нұрғали Нүсіпжанұлына дəстүр бойынша жоралғы жасап шапан жауып, басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың құттықтау сөзін халық алдында оқып берді.

 Тараздық жұртшылықтың атынан əн өнерінің тарланына зор құрмет ретінде Жамбыл облысы əкімінің ықылас гүлі табысталды
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз