Бүгін:
kz ru

Халықаралық «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі

2017 жылдың 11-20 тамыз аралығында Анкара қаласында Етимисгут муниципалитеті мэриясының ұйымдастыруымен Халықаралық «Анадолу күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайтып, бауырлас мемлекеттердің рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Шығармашылық ұжымдарды бір алаңда тоғыстырып, әр халықтың ұлттық музыкасын және өнерпаздарын таныстыру. Осыған сәйкес, биыл 14-ші рет өткізіліп отырған халықаралық фестиваль барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында  14-ші тамыз күні Анкара қаласында «Қазақстан кеші» жүзеге асты. Фестиваль аясындағы Қазақстан кешіне Жамбыл облысы әкімдігінің қоолдауымен Т.Рысқұлов ауданының «Әдем-ау» бишілер ансамблімен Меркі ауданының «Меркі әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі арнайы барып, қатысты.

Жамбылдық өнерпаздарды Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қабылдап, екі ел арасындағы мәдени байланыстар мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Түркиядағы халықаралық өнер мерекесіне өнерпаздарын жіберген облыс және аудан әкімдеріне ризашылық білдірді.  

 Сондай-ақ, делегация мүшелеріне шығармашылық табыс тілеп, Түркия Республикасында қазақ рұханиятын насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Жамбылдық өнер делегациясын Етимисгут муниципалитетінің басшысы Энвер Демирел мырза қабылдап, айтулы шараның көздеген мақсатына тоқталды.

50 мың көрермен жиналған Түркия еліндегі дүбірлі фестивальге Қазақстан атынан қатысқан екі ұжым өз өнерлерін жоғары деңгейде тарту етті.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз