«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы
Облыстық халық шығармашылығы орталығы Жамбыл атындағы Руханият орталығында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараға орталықтың қызметкерлері түгел қатысып, онда орталықтың бас редакторы Т. Әбдікәрімова жолдау бойынша баяндама жасап, үшінші жаңғыруы қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға жаңаша бетбұрыс екендігін түсіндірді.
Орталық директорының орынбасары Ж. Тұрлығұлова жолдауда цифрлы экономиканың дамуы, жаңғыруы бойынша пікір білдіріп, мекеменің қызметкерлеріне саладағы түрлі инновацияларды қолдап, ақпараттық-әдістемелік бағыттағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігін айтты. Ал, бөлім басшысы Н.Абдуллаев Қазақстан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінгенін мәлімдеді.
Қалған қызметкерлер де жолдауда айтылған мәселелер мен алдағы уақытта атқарылуға тиісті міндеттерді қолдады.