Бүгін:
kz ru

Жұлдызы биік жуалылықтар Тараз төрінде өнер көрсетті

2017 жылдың 11 тамыз күні  Тараз қаласындағы Төрткүл керуен-сарайында жұлдызды Жуалы өңірінің таланттары өнер көрсетті. Керуен-сарайға кірген бетте Жуалы ауданы өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің, аула клубы мүшелерінің қолөнер туындылары, майлы бояумен салынған суреттерінен аспан астындағы көрмесі ел назарына ұсынылды.

Әзербайжан, шешен, славян ұлт өкілдерінің бұйымдары қонақтардың назарын аударып, келген көпшілік көз майын тауысып жасалған дүниелердің әдемілігіне тәнті болып жатты.                                                  
       «Мәртебелі елім» атты концерт барысында облыс пен республикаға есімі белгілі Жаңабаевтар әулетінің кішкентай өнерпаздары, «Қызғалдақтар» ансамбілінің бишілері, Жасын тобы, Айбар Сәбит, Мадина Сванбаева, Нұрай Қайрат, Қайсар Асылбеков, Сәкен Бәйімбетов, Салтанат Мейіржанқызы Гүлнәр Қашкеева сынды өнер иелері қатысты.                    
       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Жуалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мұрындық болуымен өткен думанды кеш соңы жігіттер үштігінің «Ұлы дала» атты ғажап әнімен ақталды.






















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз