Бүгін:
kz ru

"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты елбасы үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел

8 тамыз күні Жамбыл Атындағы Руханият Орталығында Облыстық Халық Шығармашылығы Орталығының мониторинг жəне ақпараттық-əдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің ұйытқы болуымен жоспарға сәйкес "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" атты елбасы үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиынға халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері қатысып, баяндама оқыды. Рухани жаңғыру ұғымының аясында біраз мəселе ортаға салынып, алдағы уақытқа біршама жоспарлар қойылды. Əсіресе, Руханият орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков пен тарихи-мəдени нысандарда іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сауран Қалиевтің тұщымды ойлары жиынға қатысушылардың ойларын дөп басты. Дөңгелек үстелді Облыстық халық шығармашылығы орталығының директор орынбасары Жанат Тұрлығұлова қорытындылап, əріптестеріне осы бағытта жоғары деңгейдегі жұмыс атқаруларына сəттілік тіледі.
Білетініміздей, мəдениет саласының қызметкерлері Елбасының əрбір жолдауы мен жарияланымдарын назардан тыс қалдырмайды. Сол үрдістен айнымай мазмұнды шаралар мен жобаларды қолға алған облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы рухани жаңғыру жолында аянбай тер төгіп, бірлесе нәтижелі жұмыс жасайтындарын айтты.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз