Бүгін:

«Ұлы дала сазы» дәстүрлі өнер концерті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында, 10 маусым – 10 қыркүйек аралағында өтетін іс шаралардың  жоспарына сәйкес 2017 жылдың 12-ші шілде күні «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі өнер концерті өтті.

Дәстүрлі ән өнерін дәріптейтін шара Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайында түңғыш рет өткізіліп отыр. 

Іс-шараны құттықтау сөзімен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Ж.Сембина ашты.

Концерт Байзақ ауданының «Шолпан» ән-би ансамбілінің орындауындағы «Бақтыбайдың күйі» туындысымен ашылды. Сондай-ақ, шараға Кенен атамыздың өнерін насихаттаушы әнші, облыс мақтанышы Қарлығаш Қожағазина, термеші Айгүл Мақашева, Нұрлан Әмірбеков, күйшілер – Дидар Басықараев, Әбдікерімов Қаршыға, тағы да басқа өнерпаздар қатысып, қаламыздың бірқатар зиялы қауым өкілдері қонақ болды.

Дәстүрлі ән өнерінің әлеміне еніп, қазақ музыкасының зор мұрасына сусындаған халық, концерт соңында қошеметтерін аямай, өнер иелеріне алғыстарын айтты. Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Әлібек Әмзеұлы концерттің мән-маңызы жайлы ойын айтып, келген көрермендер мен шараның ұйымдастырушыларына ыстық лебізін білдірді.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз