Бүгін:
kz ru

"Көне Тараздан - асқақ Астанаға" этнографиялық керуені Балқаш қаласына жетті

Жуырда ғана тарихи Тараз қаласынан "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне бағыт алған керуен Қарағанды облысының Балқаш қаласына жетті. Ұлы Жібек Жолы бойындағы сауда, мəдениет, өркениеттің-рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихын елге таныстыру мақсатында көш бағытын Елордамызға бұрған керуенді Балқаш көлінің бауырын жағалаған мекеннің қонақжай халқы құшақ жая қарсы алды. Жамбыл облысы мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы, Талас ауданының әкімдігі және Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірігіп ұйымдастырған шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин, Жамбыл облысының мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев, Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Ғани Садырбаев арнайы қатысты. Балқаш қаласының құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Совет Кəукербекұлы керуеншілерге ақ батасын беріп, сəт сапар тіледі. Күн ұясына батқанда Балқаш көлінің маңында  дәстүрді жаңғырту ниетімен "Бастаңғы" жасалып, жастар "Орамал тастамақ" ойнады. Тараздың Орталық Азиядағы ең көне қала екенін айшықтау үшін Елордадағы көрмеге арнайы аттанған керуен осылайша келесі аймаққа бет алды.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз