Бүгін:

МЕРЕЙЛІ МЕРКІДЕ СӘН САЛТАНАТҚА ТОЛЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ



«Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күндері аясында Меркі ауданының мәдениет күні ұйымдастырылды.

Сән салтанатқа толы мәдени іс-шара алдымен ұлт азаттық көтерілістің көсемі Ақкөз Қосановтың 165 жылдығына орай батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Әрі қарай салтанатты жиын орталық алаңдағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ұласты. Жәрмеңке барысында өнер керуені де алаңнан өтіп салтанат құрды.

Ал орталық стадионда киіз үйлер құрылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар түрлі спорттық көріністерді де меркіліктер тамашалады.

Мәдени іс-шара әрі қарай «Мәдениет – асыл қазынам» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Думанды кеште аудан өнерпаздары және өңірден шыққан өнер қайраткерлері яғни, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова және республикаға танымал өнерпаздар Оңал Азаматова, Бағлан Бәбіжан, Наурыз Құлданов пен Болатхан Назымгүл, Асыл Жомартов, Данияр Жақсылықов, Біржан Байбол, Дильназ Бердалиевалар өнер көрсетті.

Мәдениет күндерін тамашалауға Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубек арнайы келді.

Концерттік бағдарламадан кейін мерекелік кеш қонақтары ауданда орналасқан Тұрар Рысқұловтың музей үйімен танысты.

Айта кетейік, келесі мәдениет күндері Жамбыл ауданында өз жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз