«Отанды сүймек иманнан» атты облыстық жыр бәйгесі
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын халыққа түсіндіріп, насихаттау, дәстүрлі дінімізді, қасиетті ораза айын өлеңмен ұлықтап, ел бірлігін жырға қосу мақсатында 2017 жылдың мамыр мен маусым айлары аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы мен орталық «Һибатулла Тарази» мешіті бірлесіп «Отанды сүймек иманнан» атты облыстық жыр бәйгесін жариялаған болатын.
Бәйгеге барлығы 25 шығарма келіп түсті.
Ү.ж. 28 маусым күні орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің мәжіліс залында жыр бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде ақын Хамит Есаманға (Тараз қаласы), І орын ақын Үміт Битеноваға (Талас ауданы), ІІ орын ақын Серік Қалиевке (Жамбыл ауданы) берілсе, ІІІ - ші орынды екі ақын Есет Досалы мен Ералы Әблезовтер (Тараз қаласы) бөлісті. Ынталандыру сыйлықтары 3 ақынға берілді. Олар: Нұрболат Сатымқұл (Тараз қаласы), Алтай Сағындықов (Байзақ ауданы), Баймахан Ахмет (Тараз қаласы). Қатысқан барлық ақындарға алғыс хаттар тапсырылды.







Комментарии 3