Таразда алғаш рет әуесқой балалар үйірмелерінің «БалаART» облыстық байқауы өтті
Байқау облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
«Баласағұн» ОКЗ-да өткен шараның шымылдығы Талас ауданынан келген «Hustle dance» би үйірмесінің әсем биімен түрілді.
Алғашқы сөз кезегін алған мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева шараның мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушы өнерпаздардың өнеріне бағасын берген қазылар алқасының құрамында:
1.«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры, қазылар алқасының төрағасы - Ғани Садырбаев;
2. Қолөнер шебері, «Жамбыл облысы қолөнершілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Бисенов;
3. Күйші-композитор, ҚР Мәдениет қайраткері - Ержан Рысметов;
4. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі - Назима Усенова;
5. Балетмейстер, педагог-хореограф, «Ерке» даму орталығының директоры Ляззат Есбергенова болды.
Байқауға үкілі үміттерін арқалап келген 6-17 жас аралығындағы 300 дарынды өнерпаз аспапта орындау, вокал, хореография, қолөнер номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Өнерге деген ықыласы мен қызығушылығы жоғары талантты балалар ұлттық аспаптарда ойнап, әннен шашу шашты. Түрлі ұлт өкілдерінің биімен сахнаны көркемдеп, күмбірлеген күйімен көрермендерді тәнті етті.
Алғаш рет ұйымдастырылған әуесқой балалар үйірмелерінің өнер сайысы мәресіне жетіп, үздік шыққан жас өнерпаздар марапатталды.
Айта кетейік, облыстық байқаудан іріктелген өнерпаздар жыл соңында Гала-концертте өнер көрсететін болады.