МОЙЫНҚҰМ ДАЛАСЫ ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕНДІ
~ “Мәдениет - асыл қазынам” атты мәдениет күні Мойынқұм төрінде жалғасын тапты.
* Тарихы бай, жыр-дастандарға арқау болған киелі мекендегі мәдениет күні автошерумен бастау алып, Жазылбек Қуанышбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне ұласты.
~ Мәдениет күні аясында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, тауарлар сатылымы, қолөнер, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі, ұлттық спорттық ойындар аудан тұрғындарының назарына ұсынылды.
* Концерттік бағдарламаны облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама баақармасының басшысы Ерлан Жүнісбай құттықтау сөзімен ашып, мойынқұмдықтарды мәдениет күнімен құттықтады.
~ Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков бірқатар азаматтарды “Мойынқұм ауданына еңбегі сіңгені үшін” төсбелгісімен марапаттады.
Концерттік бағдарлама барысында аудан өнерпаздарымен қатар “Тараз” триосы, эстрада жұлдыздары Ерлан Орынбасар мен Баян Нұрмышева ән шырқап, іс-шараның көркін қыздырды.
* Айта кетейік, облыс аудандарындағы мәдениет күні алдағы аптада Т.Рысқұлов ауданында мәресіне жетпек.