Бүгін:
kz ru

Тұрар Рысқұлов ауданының мәдениет күні қарсаңында Көгершін ауылында мәдениет ошағы пайдалануға берілді.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерғазы Жұмабекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев және аудан тұрғындары қатысты.

Шара барысында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ауыл тұрғындарын клубтың ашылуымен құттықтап, салтанатты түрде лентасын қиды.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген 90 орындық ауылдық клубтың жалпы құны 106 миллион теңгені құраған. Құрылысын «Мұнайқұрылыс көпсалалы құрылыс фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Осыған дейін Көгершін ауылдық клубы ыңғайласып әкімшіліктің 1 бөлмесінде 1 штат бірлігімен жұмыс жүргізіп келген.
Қазіргі уақытта, 3 үйірмеге (домбыра, би, вокал) 34 бала қатысады.

Ауданның мәдениет күні мерекесі қарсаңында ашылған еңселі мәдениет ошағы енді өз тұрғындарына жан-жақты қызмет ететін болады.






Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз