Бүгін:
kz ru

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2023 жылдың 1 қыркүйек – 25 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Резервте болу мерзімі – 3 жыл. Осы кезеңде резервшілер конкурстық іріктеусіз әртүрлі мемлекеттік
лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.

Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1-30 қыркүйек аралығында беруге болады.

#ПЖКР #пмкр #президенттікжастаркадррезерві #президентскиймолодежныйкадровыйрезерв #пмкр223






Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз