АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ ӨНЕРІМЕН КЕЛБЕТТІ
Жамбыл аудандық мәдениет үйінің 2023 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы әдістемелік бөлім меңгерушісі Сәбира Зиябекова баяндама жасаса, Ерназар ауылдық клубының меңгерушісі Балгерім Ерімбетова клуб жұмысы мен үйірмелері туралы баяндап өтті.
Семинарға Облыстық халық шығармашылығы орталығынан бас редактор Арслан Әлімұлы және бөлім басшысы Ақсұлу Алтынбекқызы арнайы келіп қатысып, клуб қызметін жандандыру жұмыстары және үйірмелерді жүйелендіру бойынша баяндама жасады.
Әлеуметтік желіде ақпараттандыру және үйірме жұмыстарын жүйелендіру бағыттарында еркін форматта пікір алмасу арқылы тиісті шешімдер қабылданды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2022 жылы үйірме жетекшілерін арттыру бойынша штаттық бірліктері берілген. Нәтижесінде жаңадан ашылған үйірме жұмыстары қарқынды жүруде. Оған дәлел ретінде, семинар соңында балалар үйірмесіне қатысушылардан ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды.