Бүгін:
kz ru

Байзақ ауданының мәдениет күндері өтті

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының орталық стадионында өткен іс-шараның ашылу рәсімі театрландырылған көрініспен басталып, кейін облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлына сөз берілді. Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары жергілікті тұрғындар мен шара қонақтарын ауданның мәдениет күнімен құттықтады. Келесі болып сөйлеген аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен аудан жетістіктерін баяндады. Стадион аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, түрлі этнос өкілдерінің және қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі құрылып, түрлі ұлттық спорттық ойындарынан жарыс өтіп, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Мәдениет күндері аясында сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласындағы жетістіктерін бағалап, соңында қорытындысын шығарады. Нәтижесінде үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында Гала-концерт ұйымдастырылып, облыс әкімінің марапаттау рәсімі өтеді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз