Бүгін:
kz ru

“ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!” III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

Халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына орай халықаралық әншілер конкурсы ұйымдастырылды.Күміс көмей, жезтаңдай әншілер конкурсын Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев ақжарма тілегімен ашып, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысушыларға сәттілік тіледі“Ән-жырым саған, туған ел!” тақырыбында өткен байқауда  Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен және Ақтөбе, Маңғыстау, Шымкент т.б. өңірлерінен келген жалпы саны 17 үміткер бақ сынады.Байқау нәтижесіне сәйкес К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Дулат Жасұзақ БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Ал жамбылдық Ербосын Қасымбек I орын, жетісулық “Браво” дуэті II орын, маңғыстаулық Азамат Амангелдіұлы III орынды иеленді.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз