Бүгін:
kz ru

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің  қолдауымен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 177 жылдығына орай республикалық айтыс өтті.

Сөз барымтасын айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев тізгіндеп, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Ғалым Жайлыбай әділ-қазылар алқасына төрағалық етті. Сонымен қатар, Қайырбек Асанов, Роза Мұқанова, Жанарбек Әшімжанов, Күміс Сәрсенбаева, Оралхан Дәуіт, Ахметжан Өзбеков сынды елімізге белгілі тұлғалар төрелік етті.

Сөз барымтасына жалпы саны 20 ақын бақ сынады.

Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.

Республикалық ақындар айтысы нәтижесі бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ және
1 000 000 қаржылай сыйлықты жамбылдық Алина Айдаралы иеленді

I орынды Алматы облысынан келген Рүстем Қайыртай жеңіп алса, жүлделі II орынды Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Жансая Мусина иеленді.  III орынға Қызылордалық Нұрмат Мансұров қол жеткізді.

Біржан Байтуов, Рауан Хайдаров, Жарқын Жұпархан, Дархан Әбдіманат, Мұхтар Қонарбаев, Шапағат Сәбитқызы сынды 6 ақынға 200 00 теңге қаржылай сыйлық пен арнаулы жүлде табыс етілді.

Қалған қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сый-сыйапаттар берілді.      

#айтыс2023 #madeniet08




Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз