Бүгін:

«Көне Тараздан - Асқақ Астанаға» этнографиялық керуен

2017 жылдың 21 маусым күні Мойынқұм ауданының Кеңес ауылында, Мойынқұм ауданының әкімдігі мен Тараз иновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен «Көне Тараздан - Асқақ Астанаға» этнографиялық керуенді қарсы алу іс – шарасы өтті.

 8 киіз үй құрылып, алтыбақан орнатылып бие сауу, жүн сабау, ұршық иіру, диірмен тарту т.б.  ауылдың тұрмыс – тіршілігі бейнеленді.

Мойынқұмға бет алған түйелерінің шудасы желмен желкілдеген, ұлттық киімдері жарасып, күймелері күмбірлеген көшті Мойынқұм жұртшылығы құрт- майымен құшақ жая қарсы алып, қыз-келіншектер қымыз-шұбатын ұсынды.

Іс-шара барысында «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Тоқымқағар» секілді ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптелді. Жергілікті өнерпаздармен Тараз өңірінен келген меймандар ән шырқап, елдің көңіл күйін көтерді.

Мойынқұмдықтар ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан кең пейіл қонақжайлылықтарын танытып, өнерлерін көрсетіп, керуеншілерге сәт сапар тілеп, ізгі ниетпен шығарып салды.

Керуен  Қарағанды аймағына бет алды.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз