Бүгін:
kz ru

Мелс Өзбеков атындағы Тұрар Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде облыстық халық театрларының кезекті отырысы өтті.

 Жиын басында Б.Битанов халық театры Ш.Айтматовтың "Бетпе бет" трагедия спектаклін қойды.

 Отырысқа Облыстық халық шығармашылығы орталығының өкілдері мен бас режиссері Нурали Абдуллаев қатысты.

 Бағдарлама бойынша келесі бағыттарда пікір алмасу мен тиісті шешімдер қабылданды:
 Халық театрларының жылдық қорытынды есебі.
 Халық театрларының жұмысы.
 Т.Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойын атап өту бойынша ұсыныс.
 Халық театрларының жаңа төрағасын тағайындау.

 Жыл сайын ауысып тұратын Облыстық халық театрларының төрағасы болып Марлен Азаматов тағайындалды.
Жиын соңында құрметті зейнетке шығуымен Рабиға Амангелдіқызына Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаевтың құттықтау адресаты табысталды.


#theatre

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз