Бүгін:
kz ru

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ іріктеу кезеңі Жамбыл облысында

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау үшін республикалық «Мен – қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы байқауын жариялады. Бекітілген қатысушыларды елді-мекендерде іріктеу турларының кестесіне сәйкес, ұйымдастырушылар тобын 2017 жылдың 16 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының шекарасында қарсы алу рәсімі өтті.

Қонақтарды Жуалы аудандық «Құрметті азаматтар» аллеясында ұлттық киімдегі 40 мектеп оқушылары «Қара жорға» биімен қарсы алды.

Жуалы ауданының өнерпаздары алтыбақан басында концерттік бағдарламаларын ұсынса, «Мыңбұлақ» және «Жуалы» халық театры әртістерінің дайындаған «Ақ орамал» композициясы киіз үйдің алдында көрсетіліп, батагөй қариялар бата берді.



 

«Қазақ хандығы» монументінің қасында түсірілім тобын Сарысу ауданының «Сарысу» халық театрының өнерпаздары мен тараз қаласының жастары күтіп алды.


 

Айша бибі ауылында көкпаршылар «Теңге ілу», «Аударыспақ» қазақ ұлттық ойындарын көрсетті. Тарихи мәдени орындарымен нысандарында (Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Көне-Тараз тарихи-мәдени орталығы ) экскурсия жүргізілді. 

           Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Шу ауданының қолөнер шебері, музыкалық аспаптарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын Қанат Қазақбаевпен сұхбаттасу шарасы өтті.

 

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында «Аспара» коледжінің студенттері «Асыл дизайн» сән үйінің «Кочевники» топтамасын паш етсе, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында жас ақындар, жазушылармен кездесу өтті.




 

 «МЕН ҚАЗАҚПЫН» дәстүрлі ән, термеші және күйшілер арасындағы мега жобаның облыстық іріктеу кезеңі 2017 жыл 17 маусым күні Тараз қалалық мәдениет үйінде өтті.

Қазақстан «Ұлттық» телеарнасының түсірілім тобы мен қазылар алқасын Қалалық мәдениет үйінің алдында зор қошеметпен қарсы алды.

Мәдениет үйінің оң жағында ақ шатырда, облысымызға белгілі, қолөнер шеберлерінің көрмесі орналастырылды. Аманкосов Қазымның қасында өзінің бауырлары әрі шәкірттері Бисенов Серік пен Бисенов Асанның бұйымдары да өзгешелігімен ерекшеленеді, ағаштан жасалған музыкалық аспаптар яғни, қылқобыз, домбыралар түрлі композициялар ретінде ұсынылған. «Би-Дәулет» ЖШС киізден жасалған түрлі бұйымдары, Сәуле Мұсаева ши тоқудан мастер-класс өткізді.

Жамбыл облыстық филармониясы «Алатау» фольклорлық ансамблі қазақ күйлерін орындаса, «Ақ кербез» бишілер тобы мың бұрала билеп өнерлерін көрсетті.






 

Ұлы қобызшы, күйші-композитор Ықылас Дүкенұлы ескерткішінде 30 қобызшы қазақтың халық әні «Илигай» орындауымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков бастаған зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойды.

Жобаға қатысушылар және 30 домбырашы балалар Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін біріңғай орындап шықты.



 

Қалалық мәдениет үйінің фойесінде «Асыл аналар» ансамблі қонақтарға шашу шашып, әсем ән орындап қонақтарды қарсы алды.

Көпшілік қалалық мәдениет үйінің фойесінде орналасқан Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап, балалар және жасөспірімдер, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханалардың көрмесін тамашалады.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президент оркестрінің әншісі Ардақ Балажанова, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Мұхтарбай Рахманқұлов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы-термеші Дүйсенбек Өмірәлиев болды.

Жобаға I-ші іріктеу кезеңінен өткен 13 күйші, 11 термеші, 7 дәстүрлі әнші қатысты.

 Қазылар алқасының шешімімен күйші - Шағырбаева Тоғжан (Тараз қаласы), термеші- Оңғарбай Айдос (Талас ауданы), дәстүрлі әнші- Әбенова Сұлужан (Тараз қаласы) Республикалық «МЕН ҚАЗАҚПЫН» мега жобасына жолдама алды.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз