Бүгін:
kz ru

ӘУЛИЕАТА АСПАНЫНДА ӘН ҚАЛЫҚТАДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) «Әуенді Тараз кештері!» атты мерекелік концерт өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын бұл аптада К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары ашты.

Концерттік бағдарламада ел білетін ескі һәм есті әндермен қатар, бүгінгі сахнаның сәніне айналған бірқатар әуезді әндер шырқалып, би де биленді. «Жерұйығым Жамбылым», «Жайна Отан ана», «Туған жер», «Домбыра», «Елім – Қазақстан», «Таразым», «Жасай бер Астана», «Жақсылық жаса адамға», «Ауылым», «Бақыт құшағында», «Пай-пай, дүние-ай!», «Мереке», «Жастық шақ», «Алтын бесігім», «Айналдым елім». «Теріскей», «Домбыра», «Асыл анам», «Қыз бала гүл», «Аяла мені», «Ғашық едім» және тағы өзге де белгілі әндер айтылды.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 19 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз