Бүгін:
kz ru

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тараз қаласында «Туған жерім – дархан далам» атты Т.Рысқұлов ауданының мәдениет және өнер күні өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен іс-шара «Баласағұн» орталық концерт залының аумағында ұйымдастырылды.Шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы мен Тараз қаласының әкімі Ержан Жұматұлы қатысып, алдымен «Баласағұн» орталық концерт залында орналасқан аудан еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін тамашалады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шығарылған өнімдер төмендетілген бағада саудаланып, қала тұрғындарына ұсынылды.Іс-шара барысында ерекше назар аудартқан көріністердің бірі - арнайы құрылған қазақ үйде әжелердің қатысуымен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында тұсаукесер рәсімінің сахналануы болды.Жиналған көпшілікке «Ауыл дәмі», яғни, бауырсақ пен қымыз таратылып, келушілерге сый көрсетілді. Сонымен қатар, көпшілік қауымға түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері ұсынылып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.Бағдарламаға сәйкес, мәдениет сарайы аумағында ұлттық спорттың 6 түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының «Көш керуені» атты театрландырылған тарихи көрінісіне ұласты. Сонымен қатар, аудан күндерінда сурет композициялары, қолөнер шеберлерінің және кітапхана қызметкерлерінің көрмелері де көпшілік назарына ұсынылып, шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз