Бүгін:
kz ru

"Туған жерім - дархан далам". Талас ауданы

"Туған жерім - дархан далам" атты облыс аудандарының Тараз қаласындағы күндері жалғасуда. Аталмыш шара аясында бүгін Талас аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары "Баласағұн" орталық концерт залында концерт өткізді.Концерттің басты қонағы Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары - Жігер Ауыпбаев пен Сара Амангелді болды. Сонымен қатар, сахнада өзге де өңірімізге белгілі өнер жұлдыздары ән шырқады.Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырған концерт бұл күні де жоғары деңгейде болды. Концертке арнайы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, шаттыққа толы шараға оң бағасын берді.Жалпы концертке жиылған жұрттың бұл жолы да қарасы қалың. Қала тұрғындары әсем ән мен әуезді биге ризашылығын білдіріп, жоғары дайындықпен келген мәдениет үйі әртістерінің әр нөмірін қошеметке бөлеп отырды.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз