Бүгін:
kz ru

СЫРҒА ТОЛЫ — "СЫРЛЫ БОЯУ"

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Тектұрмас"  этно-мәдени кешенінде "Сырлы бояу" атты қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті.
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен көрмеде өңірімізге белгілі бірқатар суретшілер өз туындыларын көрермен назарына ұсынды. Бас-аяғы 50 ге тарта картина қойылған бұл шарада он суретшінің жұмысы ұсынылды.
  Халықтың бос уақытын тиімді пайдалануы мен мәдени тынығуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған көрмені тамашалаған жұртшылық қылқалам шеберлері мен ұйымдастырушы тарапқа алғысын арнады.
 Сондай-ақ, шара барысында облыстық филормония әртістері де қала тұрғындары үшін әннен шашу шашты.
 Айта кету керек, көрме соңында суретшілерге Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаевтың арнайы Алғыс хаты табыс етілді.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз