Бүгін:
kz ru

ҚОРДАЙДА ӨТКЕН НАУРЫЗ КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Наурыздың 12-19 аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері Бахтияр Көпжасаров Қордай аудандық мәдениет үйіне мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу мақсатында әдістемелік көмек көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, шеберлік сағаттың негізі мәдениет үйі қызметкерлерінің сценарий жазу шеберлігін жетілдіріп, сахналық қойылымды ұйымдастыру және көркемдік деңгейін көтеру болып табылады.Аталмыш шараның нәтижесінде аудандық мәдениет үйі бүгін, яғни 21 - наурыз күні халқымыздың төл мерекесі наурызға арналған мерекелік іс-шарасын  өткізді. Қордай жұртшылығына ұсынылған концерт жоғары деңгейде өтіп, өнерпаздар жиылған көпшіліктің алғысына бөленді!







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз