Бүгін:
kz ru

«МОЙЫНҚҰМ» ӘН-БИ АНСАБЛЬІ

«Мойынқұм» ән-би ансамбльі Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің жанынан 1973 жылы құрылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Талантты өнерпаз Төрехан Нұрманбаев ауданнан өнерге икемі бар жастарды жинап домбыра, баян, қобыз, контрабас т.б. аспаптарда ойнауды үйретіп жүріп ұлт аспаптар оркестірдің негізін қалады.Бүгінгі күні ұлт аспаптар өрнектеуіне Біржан Толыбаев жетекшілік жасап, репертуарын байыта түсуде. Оркестрдің репертуарында Құрманғазының күйі «Сарыарқа», Түркештің күйі «Көңіл ашар», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» т.б. халық ән – күйлері бар. Соңғы жылдары ұлт аспаптар оркестрі жергілікті сазгерлер Б.Толыбаев пен Б.Әбішевтың шығармаларын орындап өсу үстінде. Н.Тілендиевтің «Көш керуені» т.б. шығармаларға би қою арқылы өзінің репертуарын кеңейтті.Ән-би ансамблінің мүшесі Исахан Сүлейменов «Әнші Майра», «Шырқа даусым» байқауларының дипломанты. Ансамбль жанынан құрылған «Қуаныш» фольклорлық тобы (жетекшісі М.Омаров) жанр түрінің көптігімен де, жаңа есімдер даярлау шеберлігімен де ерешеленіп келеді.Ансамблдің көркемдік жетекшілігін атқарып жүрген Е.Омаров клубтармен байланыса отырып, жас таланттар Гүлдана Қаржаубай, Еркебұлан Дүзелбай, Ерболат Қапан, сияқты әншілерден репертуар таңдауына, даусын қоюға, Ж.Таитимова Г.Қойайдарова,  Т.Сүйіндікпен үзбей жұмыс істеу арқылы шығармашылық өсуіне, үлкен өнерді меңгеруге ықпал етіп келеді. Дуэт, трио, квартет бойынша дауыс қою, ән айту мәдениеті қалыптаса түсуде.«Мойынқұм» ән-би ансамбльі 1978 жылы «Халықтық» атағын қорғап содан бері халық үшін қызмет көрсетіп келеді.






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз