Бүгін:
kz ru

"АСА САЗЫ" ХАЛЫҚТЫҚ ӘН-БИ АНСАМБЛІ

«Аса сазы» халықтық ән-би ансамблі 1982 жылы Жамбыл аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған. Содан бері ансамбль талантты жастармен толықтырылып, жылдан жылға ұжымның репертуары да жаңара түсуде. Ансамбль жұмысы ұлттық өнерді және би мәдениетін насихаттауға, жас таланттарды тәрбиелеуге, аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуге бағытталған. 1985 жылы «Халықтық»  атағына ие болды. Ансамбльдің ең алғашқы көркемдік жетекшісі М.Төлебаев атындағы саз мектебінің директоры  Сәрсен Күзербаев. Ансамбль мүшелері негізінен әртүрлі мамандық иелері. Атап айтқанда, мұғалімдер, мектеп оқушылары мен мәдениет қызметкерлері. Ансамбль репертуары жылда қазақ халқының ән-би, күйлермен толықтырылады, сонымен қатар орыс, қырғыз, дүнген композиторларының шығармалары да орындалып жүр.Ансамбль өзінің орындаушылық өнерінде фольклорды,  қалпын бұзбай халық әндерін, күйлерін шыққан кезіндегі тума нұсқасын сақтаумен ерекшеленеді. Ансамбльдің алғашқы қарлығаштары, халық әнін орындаушылар  Сейсекүл Керімбаева, Сайра Белтанова, Әбдірайым Уашев, бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаттары Айман Базарова, Дәметкен Мақұлбекова,  ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Зейнеп Қалданова.Шығармашылық ұжым концерттік бағдарламамен 1986 жылы Моңғолия Халық Республикасында болды. 1990 жылы Украинаның «Острог» қаласында өткізілген Бүкілодақтық ән-би ансамбльдерінің фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Осы жылдар ішінде ансамбльдің репертуары жаңарып,  құрамы толықтырылып отырды.2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық көркемөнерпаздар коллективтерінің байқауында бірінші орынды жеңіп алды. 2002 жылдан бастап «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұхтар Рахманқұлов. 2003 жылдан бастап «Аса сазы» халықтық  ән-би ансамблінің жанынан «Үкілі домбыра» үштігі құрылды. «Үкілі домбыра» үштігі облыстық байқаулардың лауреаты.2005 жылы «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблінің жанынан «Тік шырқау» фольклорлық әншілер тобы құрылды. Топ 2005 жылы Тараз қаласындағы  К.Әзірбаев атындағы «Шырқа даусым» атты халықаралық фестивалінде жүлделі 2 ші орынды иеленді.Ансамбльдің бишілер тобына би маманы Ұлдана Жаңбырбай жетекшілік етеді. Ансамбль мүшелері  35 өнерпаздан құрылға





н.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз