Бүгін:
kz ru

«Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы аясында САРЫСУЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Сарысу аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында этно-мәдени орталықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін «Бір шаңырақ астында» атты мәдени іс-шара өтті.Іс-шара аясында неміс, қырғыз, орыс, күрді этно-мәдени орталықтардың салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары ұсынылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Тажаяқов, Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ж.Тұрлығұлова, орталықтың бөлім басшысы Г.Жинақбаева және Сарысу аудандық мәдениет үйі және ауылдық клубтардың мамандары қатысуымен «Әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында  әдістемелік кеңес өтті.Әдістемелік кеңестің мақсаты: ауылдық клуб қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру, әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, клуб жұмысын жандандыру.Облыстық халық шығармашылығы орталығы тарапынан «Дәстүр мен ғұрып» жобасы, «Әлеуметтік интернет желілерінің мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында  мəдени іс-шаралардың жаңа үрдісі баяндалып, əдістемелік нұсқаулықтар таратылып,  клуб меңгерушілеріне әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді.Сонымен қатар, Сарысу аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Ғ.Тезекбаев "2020 жылғы жаңа форматта мәдени іс-шаралар" тақырыбында баяндама жасап слайд көрсетті. Сондай-ақ, Саудакент аулдық мәдениет үйінің іс-шара ұйымдастырушысы А.Алтенова және Ә.Бүркітбаев ауылдық клубының меңгерушісі Э.Байсенгіровалар тұрғындарға мәдени қызмет көрсету барысында атқарған жұмыстарына тоқталды,  слайд көрсетті.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз