Бүгін:
kz ru

ТАЛАС АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

«Бейбітшілік пен келісім» пилоттық  жобасы аясында «Ауылдық клубтарда үйірмелер жұмысын дамыту әдістері мен тәсілдері» шеберлік сағаты Талас ауданы, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының көрермен залында өтті.Іс-шараға 48  клуб  қызметкерлері қатысты. Шеберлік сағаттың мақсаты ауылдық клуб қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру, клуб құрылымдарының жұмысын дамыту.Іс-шара соңында  Облыстық халық шығармашылығы  орталығы тарапынан  дайындалған  әдістемелік нұсқаулар клуб қызметкерлеріне таратылып, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді.«Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасының маңыздылығына, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасының өзектілігіне Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ж.Тұрлығұлова тоқталып өтті. «Ауылдық клубтарда үйірмелер жұмысын дамыту әдістері мен тәсілдері» шеберлік сағатын  орталықтың бөлім басшысы А.Усенбаева өткізді. Талас ауданы, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының, ауылдық клуб мекемелерінің мамандары онлайн режиміндегі атқарған іс-шараларымен таныстырды.Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының әдістемелік бөлім басшысы Ж.Б. Мырзамбетова, Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің басшысы Т. Байжиенов, Аққұм ауылдық клубының әдіскері  А.Құралбаева, Тамды ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ж.Дихнабаева жыл басынан бері онлайн режимінде  атқарған іс-шаралары бойынша баяндама жасады.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз