«МЕН ҚАЗАҚПЫН» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі
«Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мен-қазақпын» атты
республикалық байқау жариялаған болатын.
2017 жылдың 5 маусым күні Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мен қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы мега жобасының облыстық I- іріктеу кезеңі өтті.
Облыстық іріктеу кезеңіне Тараз қаласынан және әр ауданнан дәстүрлі ән, терме, күй, бойынша барлығы 41 үміткер қатысты.Оның ішінде күйшілер 20, термешілер 10, дәстүрлі әншілер 11.
«Мен қазақпын» мега жобасының Ережесіне сәйкес дәстүрлі ән, терме, күй номинациялары бойынша облыстан үздік шыққан өнерпаздар республикалық жобаға жолдама алып, Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.
Қазылар алқасының құрамында Мұхтар Рахманқұлов- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Оңал Азаматова- Халықаралық конкурстардың лауреаты,Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Ержан Рысметов- Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт- аспаптар оркестрінің әртісі, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының «музыкалық білім» кафедрасының доценті.
Қазылар алқасының шешімімен 29 үміткер оның 14 күйші, 8 термеші, 7 дәстүрлі әншілер облыстық II-іріктеу кезеңінде бақтарын сынайтын болады.



