Бүгін:
kz ru

"ҒИБРАТТЫ КЕРУЕН" САРЫСУДА ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» бүгін Сарысу ауданына табан тіреді.Аталмыш шара аудан орталығы Жаңатас пен Саудакент ауылдық мәдениет үйінде өтті. Зиялы қауым өкілдері екі жақта да келелі басқосу жасап, мәдениет саласының майталмандары мастер класс өткізді.Атап айтқанда ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова аудандық "Сарысу" халық театрына шеберлік сағатын өткізсе, ҚР Мәдениет саласының үздігі, қолөнер шебері Рахат Сапаралиева жасөспірімдерге құмда сурет салу өнерін үйретті. Ал,  А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының гримері Әсел Ахметова "Бояу тілінің хас шебері" тақырыбында гримм өнерінен шеберлік сағатын өткізді.Аудандық мәдениет үйінің үлкен залында ақын Үміт Битенова, "Әзірет Әлі" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов, "Жас сарбаз" Республикалық   әскер-патриоттық жастар қозғалысы Жамбыл облыстық төрағасы Дулат Абдисамат және Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері тәрбие мен білім һәм дін тұрғысында әңгіме өрбітіп, байыпты басқосу жасады.Бағдарлама облыстық филармония әртістерінің ән шашуымен аяқталды. Шараны "Руханият және тарихтану" орталығының директоры белгілі тарихшы Сауран Қалиев жүргізіп, спикерлерге сөз жалғап отырды.Саудакент ауылдық мәдениет үйінде де жоғарыда аталған әр түрлі тақырып аясында спикерлер баяндама жасап, мәдениет саласы мамандары мастер класс өткізді. Аудандық мәдениет үйіндегі "Сарыарқа"  ұлт-аспаптар оркестрінің шеберлік сағатын ҚР Мәдениет саласының үздігі Айгүл Мақашова өткізді. Бұл жердегі келелі кеңесті де тарихшы Сауран Қалиев жүргізді.Айта кету керек, аталған шараға арнайы "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің жауапты хатшысы Бейбіт Оспан қатысты.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз