Бүгін:
kz ru

ASPARA FASHION WEEK MERKE сән апталығының екінші күні

ASPARA FASHION WEEK MERKE сән апталығының екінші күні6-шы маусымының  екінші күні 2020-шы жылдың 8-ші қазанында онлайн режимінде Меркі ауылында өтті.  Айтулы шараның екінші күнінде Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстан және Тәжікстандық 22 дизайнер өз туындыларын ұсынды.Бұл күннің шымылдығын  ASPARA FASHION WEEK жобасының авторы, танымал дизайнер Айдархан Қалиевтің  жаңа топтамалары ашты.  Ол, бұл жолы жаңа маусымның киімдерін қызғылт сары және көк түстермен таныстырды. Бұл бүгінгі тақырыппен тығыз байланысты. Өйткені Ұлы Жібек Жолындағы әдемі мешіттер мен көк күмбезді кесенелер қашанда саудагерлердің көзайымы болған. Бұл жаңа туындылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, маталардың жеңілдігі, әдемі үлгіде тігілген киімдер алыстан көз тартары анық.  Айдархан Қалиевтің  кез-келген туындысында ұлттық нақыштарға ерекше мән берілген. Қазақтың әдемі ою-өрнектерімен тігілген киім үлгілері қашанда қонақтардың қызығушылығын арттырғаны жасырын емес.Естеріңізге сала кетейік, Aspara Fashion Week MERKE сән апталығын күн сайн сағат 17:00 де ZOOM онлайн желісінде , Youtube каналы, іnstagram, Facebook және Aspara Fashion Week парақшаларында тікелей эфирден тамашалуаға болады.







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз