Бүгін:
kz ru

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСҚОСУЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында  мәдениет қызметкерлерінің жиыны өтті.Басқосуда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 21-29 қыркүйек аралығында өткен «Театр – өмір айнасы» халық театрларының облыстық фестивалінің қортындысы жарияланды. 12 халық театры қатысқан шара нәтидесінде, қазылар алқасының шешімімен халық театрларының республикалық фестиваліне «Дулати жастары» студенттік халық театры (Тараз қаласы) фестивальден тыс қатысатын болды. Ал «Мыңбұлақ» халық театры (Жуалы ауданы) мен «Сарысу» халық театры (Сарысу ауданы) Республикалық фестивальге қатысуға  жолдама алды.Аталмыш халық театрларының республикаға жолдамаларын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Л.Сәрсембекұлы тапсырды.Сондай-ақ, шараға аудандық мәдениет үйлерінің директорлары мен Халық театрларының режиссерлері қатысты.Облыстық халық шығармашылығы орталығының дирекотры Ғани Садырбаев күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі "Ауылым — алтын бесігім"  жобасын дайындау,  семинарлар мен мекеме тарапынан ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың тиімділігін пайдалану мәселелерін ортаға салып, аудандық мәдениет үйі директорларының пікір-сұрақтарын тыңдады.Айта кету керек басқосу соңында Халық театрларының Төрағасы сайланып, аталмыш жұмысты бұдан ары қарай Байзақ ауданы "Шахан" халық театрының режиссері Бақытжан Байкүшіков жүргізетін болды.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз