Бүгін:
kz ru

Ауылдық клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты Байзақта

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Ауылдық клуб - 2020» ауылдық клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты Байзақ ауданында өтті.Шараны Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев ашып беріп, клуб қызметкерлерінің бүгінгі таңдағы халық үшін жасап жатқан  мәдени қызметтеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, аталмыш шараның да осы жұмыстарды әрі қарата ілгерілету мақсатында берері мол екендігін айтты.Бұдан кейін  шеберлік сағатына арнайы шақыртылған Республикалық «Format E» мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерлан Әуесбаев клуб қызметкерлеріне «Мәдени-демалыс қызметінің теориялық мәселелері» және «Ауылдық клуб жұмысының жаңа әдістерін арттыру бағыттары» тақырыптары бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ал Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы Тамара Әбдікәрімова клуб жұмысымен танысып, алдағы жоспарланған іс-шаралар жайын пысықтады.Ауылдық клуб қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, біліктілігін жоғарылату, халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру,  мәдени-демалыс ұйымдарының  озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру, насихаттау мен клуб жұмысының жаңа әдістерін жетілдру мақсатында ұйымдастырылған шараға ауылдық клуб меңгерушілері және аудандық мәдениет үйлерінің директорлары қатысады.Бағдарлама соңында қатысушыларға біліктілікті жоғарылату туралы куәлік табыс етілді.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз