Бүгін:
kz ru

«Ауылдық клуб - 2020» ауылдық клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты басталды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Ауылдық клуб - 2020» ауылдық клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты Байзақ ауданында өтуде.Шараны Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев ашып беріп, клуб қызметкерлерінің бүгінігі таңдағы халық үшін жасап жатқан  мәдени қызметтеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, аталмыш шараның да осы жұмыстарды әрі қарата ілгерілету мақсатында берері мол екендігін айтты.Шеберлік сағатына арнайы шақыртылған Республикалық «Format E» мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерлан Әуесбаев «Мәдени-демалыс қызметінің теориялық мәселелері» және «Ауылдық клуб жұмысының жаңа әдістерін арттыру бағыттары» тақырыптары бойынша клуб мамандарының қатысуымен шеберлік сағатын өткізбек.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз