Бүгін:
kz ru

«Келші, Құланға!» онлайн әншілер конкурсының жеңімпаздары

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әнші-композитор Мэлс Өзбеков атындағы «Келші, Құланға!» облыстық онлайн әншілер конкурсы өз мәресіне жетті.Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары Ж.Омаров, Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі А.Байжанов, әнші, композитор К.Ертаев болды.Конкурсқа 24 қатысушының бейнематериалдары қабылданып, нәтижесінде жүлделі І орынды Қордай ауданының үміткері Халит Орынқұл иеленді. ІІ орынды меркілік дуэт Гүлнұр Құрамаева мен Шолпан Орманқұлова, жуалылық Назерке Ахмет жеңіп алды. Ал, Т.Рысқұлов ауданының өнерпазы Айша Жүнісова, байзақтық Талант Құрымбаев, сарысулық Жадыра Даукенова ІІІ орынды иеленді.Ынталандыру жүлделеріне Ерболат Құлышев (Т.Рысқұлов ауданы),  Бектұр Оңалов (Мойынқұм ауданы), Жанерке Ерғара (Жамбыл ауданы),  дуэт  Нұрлан Кейкіманов пен Құндыз Асанова (Талас ауданы), Шарапат Әсен (Шу ауданы) ие болды.Конкурс жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар қашықтықтан табыс етіледі.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз