Бүгін:
kz ru

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қазақ елі азаматтарының көкірек көзін ашып, үн қосып бірлесе жұмыс істеуіне мол септігін тигізетініне сенімдімін.
Осы мақаланың басында Елбасы: «Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын», - деп бастауы көрегендіктің, ел қамын ойлаған данагөй көшбасшы екенін баршамызға тағы бір аңғартса керек.
Еліміздегі қалыптасып отырған жағдайдың оңай еместігін, әлем еліне түскен зор ауырпалықты айта келе: «Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз», - делінген.
Қазақстандықтарға жол сілтей келе: «Әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі», - деп баса айтуы, еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі екенін нақтылап берді.
Сондықтан да қазақ елі бабамыздан мұра боп қалған бірлігімізді, ынтымағымызды берік сақтайық!
Елімізге түскен ауыртпалықты бірлесе көтеруге ат салысайық!

Облыстық халық шығармашылығы
орталығының көркемдік жетекшісі
Байжанов Азамат Майданбайұлы

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз