Бүгін:
kz ru

БІЗ БІРГЕМІЗ

 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың" Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, еліміздің тағдырына алаңдайтыр патриот азамат ретінде түгелдей оқып шығып, төмендегідей ой түйдім.  Қазіргі уақытта әлемді жайлаған індет аса қауіпті екені белгілі. Бұл инфекцияның әлемдік статистикасына көз салсақ, еліміздегі коронавирус пандемиясын жұқтырған адамдар саны басқа елдермен салыстырғанда едәуір аз. Лайы солай болғай. Бұның бірден-бір себебі,  Елбасымыздың салып кеткен сарабдал саясатының арқасында мемлекеттік органдардың жүйелі түрде жұмыс жасауы. Еліміз бұл індетпен күресті алғаш бастаған мемлекеттің бірі. Аты жаман ауру шықты дегеннен бастап интернеттегі каналдар мен әлеуметтік желілерге жүктелген видеолардан арнайы мамандарымыздың дайындығынан хабарлар болып отырдық. Еліміздегі азаматтарымыздың ғана емес, шет елдердегі жерлестеріміздің де тағдыры мемлекет назарында болды.  Мүмкіншіліктердің барлығын пайдалана отырып, оларды елімізге жеткізді. Бұл дегеніміз, менің ойымша Елбасымыз бен президентіміз үшін "мемлекетті халық құрайды" деген ұстаным бірінші орында тұрады. Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Н. Назарбаев Тәуелсіздік жылдары елімізді түрлі қиындықтан алып шыққаны бәрімізге мәлім. Бұл жолы да Нұсұлтан Әбішұлының о баста ұстанған саясаты мен ақыл-ойының себеп болуымен осы сыннан да сүрінбей өтетінімізге сеніміміз мол.  Елбасының достық саясатын әрі қарай жалғастыруда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тындырымды тірліктері жетерлік.  Президенттің Отанымыз-Қазақстандағы жүйелі жүргізіліп келе жатқан реформалар пандемияның салдарынан әлемде болып жатқан әлемдік дағдарыс пен вирустан аман-есен алып шығатынына сеніміміз мол.  
                                                   Бахтияр Көпжасаров Облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз