Бүгін:
kz ru

ЕЛБАСЫ ЕЛМЕН БІРГЕ

Ел іші толқып тұрған шақта Елбасның кешегі мақаласы халықты бір серпілтіп тастағандай. Мемлекетімізді қиын-қыстау заманда өзінің сарабдал саясатының арқасында талай сындарлы сәттерде алып шыққан атпал азамат осы бір кезекті сынақта да жұртының жанында екендігін көрсетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презитентінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді.» мақаласын тапжылмай тыңдаған бұқараның ішінде мен де бармын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде «Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек» деп баса айтты. Иә, барша жұрт жұдырықтай жұмылып, бірлесіп  әрекет етсек бұл қиындықты да еңсеретініміз ақиқат. Тек осы тұста қамқорлықты ұмытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын шама-шарқымыз жеткенінше аянбауымыз қажет.  Жалпы қазақ халқы қоңыр мінезді, қойдан жуас биязылығы бар елміз.
Сөз соңында айтпағым сөзге тоқтаған текті ұлттың ұрпағы ретінде тәртіпке бағынып, көкейдегі әр сауалымызға болса, тек мамандардың ғана нақты ақпарына құлақ түрейік. «Жалғыз ағаш қанша жуандаса да орман болмайды» деген. Ұйымшыл болайық! Ел аман, жұрт тыныш болғай!  Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Мұхит Қаспақов.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз