«Көне Тараздан- Асқақ Астанаға» этнографиялық керуен
2017 жылдың 20 мамыр күні Тараз қаласынан «Көне Тараз» тарихи мәдени орталығы, Жамбыл ескерткіші алаңынан салтанатты түрде Астана қаласына «Көне Тараздан - Асқақ Астанаға» этнографиялық керуені жол тартты. Жамбыл облысы филармониясының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі Мәлгеждар Әубәкіровтың «Талас» күйін орындап, «Салтанат» пен «Ақкербез» би ансамбльдері көпшілік биін билеп, «Nomad» каскадерлық тобы өз өнерлерін көрсетті. Көш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандарылған көрмесі аясында ұйымдастырылған керуен құрамында-20 түйе, 46 ат болды,15 автокөліктері (6 жүк көлігі, 3 автобус, 1 қызметтік автокөлік). (ұйымдастырушылар, МАИ, жедел жәрдем, төтенше жағдай т.б.)- 150 адам бар. Концерттік бағдарламамен жалғасты
Тараздан аттанған керуен Астанаға жеткенше Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жол бойында орналасқан 10 елді мекенге тоқтайды. Әрбір тоқтайтын пункттерде «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар – концерттік бағдарламалар, күйіз үйлер тігіліп, қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері сахналанады, ұлттық спорт ойындары, қолөнершілер көрмесі ұйымдастырады.
Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 26шілдеде керуен Астана қаласына кіреді деп жоспарлануда. Аталған керуенге көрмеге 2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараздан тамаша тарту болмақ деп, күтілуде.