Әбдімомын Желдібаев пен Аяз Бетбаевтың шығармашылығынан «Домбыраның қос ішегі» атты облыстық дәстүрлі өнер байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 мамыр күні Мойынқұм ауданы, Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Әбдімомын Желдібаев пен Аяз Бетбаевтың шығармашылығынан «Домбыраның қос ішегі» атты облыстық дәстүрлі өнер байқауы өтті.
Өнер байқауын салтанатты түрде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Л.Амалов пен Мойынқұм ауданының әкімінің орынбасары Б.Есеев ашып, қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Байқаудың ашылуында барлық қатысушылар біріңғай Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.
Байқауға облысымыздың аудандары мен Тараз қаласынан барлығы 24 үміткерлер қатысты. Оның ішінде Жыршы термеші номинациясы бойынша 14, Ұлттық аспаптар номинациясы бойынша 10.
Қазылар алқасының құрамында Асылхан Шүңіреков-Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосының әншісі, Әбдімомын Желдібаев- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, сазгер, күйші, Аяз Бетбаев- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, жыршы-термеші, Эльмира Дутбаева- Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.
Конкурстың қорытындысы бойынша:
Жыршы-термешілер номинациясы:
І орын- Рланов Бағдат (Шу ауданы)
ІІ орын- Әбдікадіров Мейіржан (Мойынқұм ауданы)
ІІІ орын- Абдрахманов Жанарбек (Сарысу ауданы)
Ынталандыру- Қарасаев Айбек ( Тараз қаласы)
Ұлттық аспаптар номинациясы:
І орын- Шыныбаева Құралай (Жамбыл ауданы)
ІІ орын- Алайдар Ришат (Меркі ауданы)
ІІІ орын- Дастанұлы Рүстем (Тараз қаласы)
Ынталандыру- Әлімқұл Ерболат ( Тараз қаласы)
Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар тапсырылды.



