Бүгін:
kz ru

"Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым" атты ақындар айтысы

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қаңтар-ақпан айларында облыстың әр аймағындағы талантты, дарынды ақындарымыздың шеберлігін шыңдау мен киелі мұраны кеңінен насихаттау мақсатында айтыс өтеді.
Айтыстың ауылдық іріктеу кезеңі 13-17 қаңтар, аудандық, қалалық іріктеу кезеңі 20-29 қаңтар, облыстық іріктеу кезеңі 14 ақпанда өтеді.
Бұл сыннан сүрінбей өткен ақындар жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысына жолдама алады.

Айтысқа қатысу үшін аудандық, қалалық мәдениет үйлеріне хабарласу қажет. Қатысыңыздар! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Байланыс телефондары: 45-26-02, 45-25-59
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз