Бүгін:
kz ru

ХАЛЫҚ ТЕАТРЛАРЫН АТТЕСТАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫС

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Өнер көзі – халықта» атты көркемөнерпаздар апталығы аясында «Халықтық» көркемөнерпаздар ұжымжарының атағын қорғау кезекті аттестациясының қорытынды жиыны болып өтті. Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада «Дулати» жастар театры «Сан түрлі толғаныстар» қойылымын қойды. Бұдан кейін театрдың кіші залында халықтық атағы бар өнер ұжымдарын аттестациялау жұмыстары бойынша атқарылған іс-шаралар баяндалды. Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырпбаев және Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дутбаева қатысты.

        Аудандық мəдениет үйлері мен клубтардың бүгінгі жай-күйі туралы отырысқа қатысушылар кеңінен толғады. Аттестациялау барысында өнер ұжымдарынан кеткен кем-кетіктер мен олқылықтар туралы сын-ескертпелер де айтылды.

        Аталмыш шара бұдан соң Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында жалғасты. Басқосуда Халық театрларының режиссерлері мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов пен жазушы, драматург Елен Əлімжан қатысты. Көтерілген мəселе репертуар турасында болды. Бүгінгі күннің маңызды дүниелері суреттелген шығармаларды сахнаға шығару жəне драматургтармен тығыз байланысып, жұмыс жасау керектігі айтылды. Түрлі ұсыныстар мен ой-пікірлер ортаға салынды.






























 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз