Бүгін:
kz ru

«Тәуелсіздік–тұғырым, Қазақ хандығы- ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы бойынша мәлімет

2016 жылдың 6 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға бағытталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 Іс-шара Тараз қаласы «Көне Тараз» мәдени-тарихи орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының үйлестіруімен ұйымдастырылды.


 

         Мәдени-көпшілік шараға облыстағы 12 мәдениет, архив мекемелері, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық қорық-мұражайы, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернаты қатысты.

Шараның салтанатты ашылуындағы облыстық филармонияның ұлттық аспаптар оркестрі, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты ұжымдарының домбыра оркестрлерінің (110 домбырашы)  қатысуымен өткен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы көрермендердің қошеметіне ие болды.

 

Ертегі әлеміне саяхат жасаған «Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс драма театрының артистері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері, ашық алаңдағы «Амфитеатрда» облыстық қазақ драма театрының «Қыз Жібек» саунд-трегі, қимылсыз мүсін бейне түрінде тарихи тұлғалар, батырлар кейіпкерлері өз көрерменің тапты.

 Облыс архивтері қорынан жасақталатын «Мұрағат – тарихи қазына» тарихи көрмесінде ЕлТәуелсіздігі мен Қазақ хандығына туралы құжаттар көшірмелері, фотоальбом және кітап көрмелері ұсынылса, «Достық» алаңында Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының  ұйымдастыруымен облыстағы этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтті.

Сонымен қатар, «Ақындар ауылында» айтыс ақындары Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын, Қазақ хандығын, бүгінгі Жамбыл жерін жырлай отырып, суырып салма шеберліктерін көрсете білді. Айтысқа Айтмұханбет Исақов, Есет Досалы, Алик Бемусаев, Дархан Әбдіманат,  Нұрлыбек Құрманов, Ернұр Бейсенов, Дидар Аббасов қатысты.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы келушілер арасында өткізген «Ән-көңілдің ажары»  караоке- ән айту сайысында қызығушылардың саны артып, халық әндері, ретро-әндер, қазіргі қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.

Ашық аспан астындағы «Кино әлемінде» Облыстық кино орталығының ұйымдастыруымен Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі кинематографтардың туындылары көрермендерге ұсынылды.

Облыстық кітапханалар «Жыр кеші» - жазба ақындар оқулары, кітап арбаты,  «Оқимыз – демаламыз» библио-керуен іс-шарасын ұйымдастырды.

«Ұлы дала ойындары»  алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қазақтың ұлттық ойындарын, (асық ату, қазақша күрес,  тоғызқұмалақ  т.б), сондай-ақ, аңшы иттер, бүркітшілер көрмелерін өткізіп, келушілерді ойынға тартты.

«Саусағынан өнер тамған шеберлер» алаңында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі мен көрме залы қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйымдастырса, «Өнер алаңында» облыстық филармониясы әртістері келушілерге  мерекелік концерттік бағдарламасын (халық әндері, ретро әндер, түрлі би композициялары)  ұсынды.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы көпшілікке сауда-саттық ұйымдастырады.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз