Бүгін:
kz ru

«Киелі бесік» республикалық фестивальінен Жуалы ауданы жүлделі оралды

Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің ректоры Г.Т.Алдамбергенованың ұйымдастыруымен,Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайын өткізілетін сессиясына орай,Қазақстан елінде тұратын түрлі этностар мен халықтардың дәстүрлері және мәдениетін насихаттауға бағытталған «Киелі бесік» республикалық фестивальі болып өтті. –ұлттық мәдениетті нығайту,жастарды отбасы құндылығын бағалай отырып құрметтеуге, мейірбандық пен нәзіктікке,ұлттық кодты сақтауға тәрбиелеуге шақырып,атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу,оның тәрбиелік маңызын кейінгі ұрпаққа жеткізу,ұлттық руһты көтеретін әндерді насихаттап,дарабоз таланттарды анықтау үшін ұйымдастырылған фестиваль,өз деңгейінде тартысты өтті. Республикамыздың әр-жерінен жиналған өнерпаздар бесік пен салттың маңыздылыған барынша ашып көрсетуге тырысты. Соның ішінде түрлі этностық мәдени орталықтар да бар. Қазылар алқасының төрайымы,әнші Роза Әлқожа,және қазылар алқасының мүшесі ақын,драматург Исрайл Сапарбай жеңімпаздарды құттықтап марапаттады. Фестиваль қорытындысы бойынша Жамбыл облысының шоқтығы биіккөрінді. Өйткені:-Тараз Гуманитарлық коллдежінің студенттері Бас жүлдені иемденсе,Жуалы ауданы жүлделі екінші орынды иемдендің. Қордай ауданы 3- орынды қанағат тұтып.Жамбыл ауданының өнерпаздары «Аманат» номинаци ясын місе тұтып қайтты. Жуалы ауданы өнерпаздары,Нұржан Әліштің «Бесік жыры» шығармасын саханаландырды,режиссеры Ербол Бекжан. Ал қойылымға жан кіргізіп тірілткен Ержан Сүлейменқұлов,Ерболат Қаттабеков, Мәдина Сванбаевалар көпшіліктің көңілінен шыға білді,Сондай ақ фестивальдің екінші кезеңі бойынша ән салған М.Сванбаева Алматылық көрерменді әуезді үнімен баурап алды. Айтпақшы,фестиваль Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің Мәдениет және өнер кафедрасында өтті.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз