Бүгін:
kz ru

"Бармағынан бал тамған әжелер" атты әжелер байқауы

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы "Ұлттық құндылықтар ел бірлігі" кіші жобасы аясында Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Наурыз мерекесі қарсаңында "Бармағынан бал тамған әжелер" атты аудандық байқау болып өтті.  Ауданға қатысты ауылдардан барлығы байқауға 10 әже қатысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Сайысқа қатысушы үміткерлердің әділ бағасын беруге қазылар құрамы да арнайы бекітілді. Әжелер өздерінің өнерлерін, қолдарының ептіліктерін сын,а салып жатты. Немерелерімен қосылып ән шырқап би де биледі. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет ғұрпын кейінгі жастарға жеткізу үшін мұндай байқаулардың қажеті даусыз. Байқау соңында қорытынды шығарылып, әжелеріміздің барлығы дерлік сый сияпат,  грамоталарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз